Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ БОС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСТЫРУҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Ескелді аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні – денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыру.

Филиал қызметінің мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың Ескелді аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Қоршаған орта объектілерін зертханалық бақылау бойынша ақпарат жинауға қатысу.

2. Сынамаларды іріктеуге және сынамаларды зертханаға қабылдауға қатысу.

3. Зертхана есептерін дайындауға қатысу.

4. Сынамаларды іріктеу үшін шығуға қатысу, сынамаларды дұрыс іріктеуді және олардың зертханаға уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету.

5. Сынамаларды зертханаға қабылдау, оларды журналға тіркеу.

6. Реактивтерді дайындау және олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.

7. Күрделілігі төмен зерттеулерді орындау, зерттеу нәтижелерін өңдеу, хаттамаларды беру.

8. Зертханалық ыдыстарды жуу сапасын бақылау.

9. Зертханалық жабдықтардың жұмысын бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігерінің, маманның басшылығымен оларды дұрыс пайдалану. Көрсеткіштер күмәнді болған жағдайда бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігеріне, маманға және зертхана меңгерушісіне хабарлау.

10. Жұмыс орнында және бөлімшеде тазалық пен тәртіпті сақтау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау.

11. Зертханадағы жұмыс әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу.

12. Аттестаттау алдындағы және аккредиттеуге дайындық жұмыстарына қатысу.

13. Химиялық реактивтерге, химиялық ыдыстарға және басқа да шығыс материалдарына өтінімдер жасауға қатысу.

14. Химиялық реактивтер мен химиялық ыдыстарға түгендеу жүргізу.

15. Жаңа Әдістемелік нұсқауларға (ӘН), Мемлекеттік стандарттарға (МСТ) және т.б. сәйкес зерттеудің жаңа әдістерін меңгеру.

16. Зертханалық іс және азаматтық қорғаныс бойынша семинарларға қатысу.

17. Өз білімін және кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру.

18. Өнімді сынауға қажетті зертханалық ыдыстарды, қажетті аппаратураны және ерітінділерді дайындау.

19. Сыналатын өнім үлгілерін тиісті түрде сақтау, тасымалдау, қайтару (есептен шығару) жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру.

20. Сапа менеджменті жүйесі бойынша ішкі аудиттерді жүргізуге және аудит нәтижелері бойынша түзету іс-шараларын дайындауға қатысу.

21. Жаңа стандарттарды, техникалық шарттарды және оларға енгізілген өзгерістерді уақтылы енгізу мен меңгеруді қамтамасыз етуге қатысу.

22. Өзінің атқаратын жұмысы бойынша зерттеу нәтижелерін жоспарлауға және қорытындылауға қатысу.

23. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқауіпсіздік пен биоқорғаныс жүйесіне қойылатын талаптарды сақтау.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.



Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс) Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85А мекенжайы бойынша жүргізіледі:.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы:2026 жылғы 20 қазандағы сағат 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 777 246 04 98.