Алматыда май өнімдерінен сәйкессіздіктер анықталды
Несоответствие выявили в масложировой продукции в Алматы 03.08.2022

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалында май өнімдерінің сапасына зерттеулер жүргізілді.

Пальма тазартылған иіссіздендірілген майдағы зерттеулер нәтижесінде май-қышқыл құрамы бойынша 17 көрсеткіштен 9 сәйкессіздік анықталды.

Сонымен қатар, май қышқылдарының трансизомерлері бойынша үш сынамада техникалық регламент нормаларына келесі сәйкессіздіктер анықталды:

  • МТ «Экоуниверсал» маркалы аспаздық маргарины, 2,0 % нормасында 6,37 % анықталды (Өндіруші: ООО «Евдаково», РФ);
  • «Oilblend» сүт майының алмастырғышы 80%, 2,0 % нормасында 6,47 % анықталды (Өндіруші: ЖШҚ «Тағамдық ингредиенттер», РФ);
  • «Эколакт» сүт майының алмастырғышы, 2,0 % нормасында 7,61 % анықталды (Өндіруші: «Азық-түлік ингредиенттері» ЖШС, РФ).

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сәдуақас Байғабылов 2022 жылдың 7 айында Алматы қаласы бойынша филиалда майлы-қышқылды және трансизомерлі құрамдар бойынша 274 зерттеу жүргізілгенін, оның ішінде 63 зерттеуде Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Қырғызстаннан келген өнімдердің сәйкессіздігі анықталғанын атап өтті.

Айта кету керек, «транс майлар» — бұл тамақ құрамындағы майлардың ең зиянды түрі. Түрлендірілген түрінде майлар нашар сіңіріліп қана қоймайды, сонымен қатар жүрек-тамыр ауруларына әкелуі мүмкін, семіздік, атеросклероз, қандағы холестерин, метаболикалық синдром мен қант диабеті қаупін арттырады.