ҰСО-да COVID-19-ға 300 мыңнан астам ПТР-зерттеулер жүргізілді
В НЦЭ проведено свыше 300 тысяч ПЦР-исследований на COVID – 19 13.02.2023

2022 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирустық инфекцияға 310 249 сынама зерттелді. Оның ішінде 19 052 сынама оң нәтиже берді. Тестілеу 16 филиалда жүргізілді.

ҰСО мамандарының айтуынша, ПТР зерттеулерінің оң нәтижелерінің ең көп саны Астана, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы филиалдарда анықталған.

Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының филиалдарында коронавирусты анықтаудың төмен деңгейі байқалады.

COVID-19 коронавирустық инфекциясын анықтау бойынша жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасуда.