Өткен 2022 жылы Ұлттық сараптама орталығы жеміс-көкөніс өнімдерінде нитраттардың мөлшерін анықтау бойынша 15 162 зерттеу жүргізді.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өнімге де, отандық өндіріске қатысты іріктеу және сараптама бірдей жүргізілді.
Зерттеулер отандық өндірістегі жеміс-көкөніс өнімдерінің 10618 сынамасында 231 сынама (2,2%) нитраттардың құрамы бойынша талаптарға сәйкес келмейтінін, ал импорттық өнімдердің 4544 сынамасында 125 өнім үлгісі (2,8%) сәйкес келмейтінін көрсетті.
Айта кету керек, «Ұлттық сараптама орталығының» филиалдары қалалар мен аудандардың сауда орындарындағы көкөністер мен жемістердің құрамында нитраттарды анықтак үшін тұрақты түрде экспресс-сынама жүргізеді. Осындай акциялар барысында ҰСО мамандары тұрғындарға нитраттардың денсаулыққа неліктен қауіпті екенін түсіндіреді.
Сол үшін көкөністер мен жемістерді ағынды сумен мұқият жуу керек, ал жемістер мен көкөністерді тоңазытқышта сақтау керек екенін есте ұстаған жөн. Ал егер жемістер мен көкөністердің сапасы бойынша күдік туындаса, оларды кем дегенде жарты сағат суға салып қою қажет.