ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық кәсіпорны Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының базасында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі зертханалық зерттеулердің өзектілігі. Халықаралық гигиеналық және өндірістік тәжірибелерді қолдана отырып, тәуекелдерді бағалау негізінде тамақ қауіпсіздігін және зертханалық бақылауды қамтамасыз ету» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағатына шағын және орта бизнестің азық-түлік объектілерінің, мектепке дейінгі балалар, білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ ҰСО филиалының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Көкшетау қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шәріпова қатысушыларды тамақ объектілерінде, білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде тамақтан уланудың алдын алумен таныстырды.
Сонымен қатар, ол өндірістік және зертханалық бақылауды жүргізу кезіндегі болуы мүмкін қауіптер туралы айтты. Азық-түлік нарығында жылжыту және өндірістік процестерді биологиялық (микробиологиялық), химиялық, физикалық және басқа ластану қаупінен қорғау кезінде кәсіпорынды (сауда маркасын) қорғау үшін қолданылатын тиімді басқару құралдарын тәжірибеде пайдалану.
Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға қызығушылық танытқан мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, осындай шеберлік сағаттар мен тренингтер өткізу қажеттілігі туралы тілектерін білдірді.