2023 жылдың бірінші тоқсанында қоршаған ортаның санитарлық-химиялық мониторингі бойынша атмосфералық ауаны зерттеудің саны 2,4 есеге өсті. Санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін атмосфералық ауа сынамаларының үлесі Астана (9,4%) және Алматы (16,0%) қалаларында байқалады.
Атмосфералық ауаны бақылауды Ұлттық сараптама орталығы зертханаларының маршруттық посттары жүзеге асырады.
Мегаполистердегі атмосфералық ауаның шаң, күкірт диоксиді, көмірқышқыл газы, азот диоксиді сияқты ластаушы заттармен ластануының жоғары деңгейі мыналарға байланысты екенін атап өткен жөн: қалалық көліктегі жолдардың кептелуі, автокөліктердің бензин мен дизель отынының көп компонентті шығарындылары, жеткіліксіз газдандыру, отынның толық жанбаған өнімдерінің шығарындылары (ЖЭО) және т.б.