2015 жылғы қарашада өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру барысында Комитет 3835 өнім үлгілерін алды, оның ішінде:
1634/324 тамақ өнімдері;
1051/190 балаларға арналған тауарлар;
233/27 парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
646/10 тұрмыстық химия тауарлары;
170/6 полимерлі, синтетикалық және басқа да материалдар;
47/25 киім, аяқкиім, адамның терісімен жанасатын бұйымдарға (өнім) арналған материалдар;
32/15 тамақ өнімдерімен жанасатын бұйымдар мен жабдықтар, материалдар.
Кәсіпкерлік бизнес субъектілеріне анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша тиісті түсіндірмелері бар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 147 ұйғарым берілді. 68 бақылау тексеруі жүргізілді, 3 адамға қатысты 1 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 24 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалды. Барлығы 2015 жылдың 11 айында 12598 өнім сынамасы алынды және зерттеу жүргізілді, оның ішінде техникалық регламенттердің тиісті талаптарына сәйкес келмейтіні 3475 сынама немесе 28,0%. Сәйкес келмейтін өнімдердің негізгі үлесі тамақ өнімдеріне келеді, 8674 зерттелген үлгінің 2853-і немесе 33,0%-ы сәйкес келмейді, оның ішінде құс еті 57%, ет өнімдері - 35%, сүт өнімдері - 34,2%, кондитерлік өнімдер - 17%, май, шырын және алкоголь өнімдері - 10%. Сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының 28%-да санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейді (патогенді микрофлораның (Salmonella), ішек таяқшасыны, ашытқының болуы), 26%-да тұтынушыны алдау фактілері анықталған (шошқа ДНҚ-ның болуы, мәлімделген қасиеттерге сәйкес келмеуі), 46%-да таңбалау бұзылған (бірыңғай белгінің немесе мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы).
Сəйкес келмейтін сүт өнімдері мен құс етінің елеулі үлесі Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Украина, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы өндірісіне келеді (ҚР соңғы уақытта жеткізілетін өнімнің келмеуінің қарқындап келе жатқанына қарамастан), 1%-ға дейін Латвия, АҚШ, Түркия, Молдова, Грузия, Франция, Өзбекстан және т.б. елдерге келеді. Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы 1102 нұсқама берілді. Нұсқамаларды уақтылы немесе тиiсiнше орындамағаны үшін 236 әкімшілік материал қозғалды және сот органдарына берілді.
Сот талқылауының нәтижелері бойынша 38,2 млн теңге сомасына 171 кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды 107 шаруашылық етуші субъектінің қызметі уақытша тоқтатыла тұрылды. 13,4 млн теңге сомасына сəйкес келмейтін 1165,9 тонна өнім саудадан алынды.