Ұлттық сараптама орталығында тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық маусымның қорытындысы шығарылды
В НЦЭ подвели итоги эпидсезона по гриппу и ОРВИ 30.04.2024

Қазақстанда жыл сайын қазаннан сәуірге дейінгі аралықта жіті респираторлық-вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану маусымы басталады.

Ұлттық сараптама орталығы талдау кезеңінде ПТР әдісімен ЖРВИ және тұмау диагнозы қойылған науқастардан 29 324 үлгіні зерттеді.

Тұмаудың оң жағдайларының үлесі 7,71% құрады, оның негізгі үлесі тұмаусыз вирустарға - 49,8%, А тұмауы вирусына-48,9% және В тұмауы вирусына-1% құрайды.  

Оң үлгілердің ең көп саны Астана (220 үлгі), Алматы қалаларында (232 үлгі) және Қызылорда (336 үлгі), Шығыс Қазақстан (155 үлгі) облыстарының филиалдарында анықталды.

Тұмау вирусынан басқа, тұмаусыз басқа вирустардың айналымы да анықталды. Тұмаусыз этиологияның респираторлық ауруларының диагностикасы зерттелген жағдайлардың жалпы санынан 2 650 жағдайдың анықталғанын көрсетті, үлес салмағы 16,1% құрады.

Вирусологтардың айтуынша, эпидемия маусымы аяқталғаннан кейін де зертханаларда зерттеулер жалғасуда.