08.04.2026
Кездесуге Кәсіпорын Басқарма төрағасы Ерлан Киясов, Басқарма мүшелері Айнагүл Мусина мен Талғат Суюндиков, сондай-ақ BCEG компаниялар тобының төрағасы Гао Цианг, коммерциялық директор, ТМД елдеріндегі өкілі Чжу Ци және маркетинг жөніндегі төраға орынбасары Ма Шулон қатысты. Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, оның ішінде Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханалық қызметінің инфрақұрылымын жаңғырту және дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылады. Зертханаларға заманауи технологияларды енгізу, техникалық жабдықталу деңгейін арттыру, сондай-ақ материалдық-техникалық және инфрақұрылымдық дамудың озық халықаралық тәжірибелерін енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын пысықтау және тиісті ұсыныстар дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.