27.04.2026
Ұлттық сараптама орталығының мамандары заманауи зертханалық аналитикалық жабдықтарды практикалық қолдану тәжірибесімен алмасуға арналған салалық семинарға қатысты.
Іс-шара аясында әдіснамалық және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің директоры Махаббат Қантарбаева ҰСО зертханаларында жоғары дәлдіктегі жабдықтарды қолдану тәжірибесін таныстырды.
Айта кету керек, кәсіпорын филиалдарында 30-дан астам аналитикалық жабдық орнатылған. Олардың қатарында: жоғары тиімді сұйықтық хроматографтары, жалын-ионизациялық және электронды ұстау детекторлары бар газ хроматографтары, атомдық-эмиссиялық спектрометрлер, спектрофотометрлер, сондай-ақ масс-спектрометриялық МС/МС детекторы бар жоғары тиімді сұйықтық хроматографы бар.
Сонымен қатар, қатысушылар аналитикалық жабдықтарды таңдау критерийлерін, зертханалық зерттеулерді құру кезеңдерін және озық технологияларды енгізудің практикалық аспектілерін талқылады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай кәсіби алаңдар тәжірибе алмасудың маңызды құралына айналып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің зертханалық практикасына инновациялық технологияларды жедел енгізуге ықпал етеді.