Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымына жаңа директор таныстырылды

13.11.2026

«Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалында жаңа директор – Баймурзинов Берік Базарұлы ұжымға таныстырылды.

Жаңа басшыны филиал ұжымына жұмыс сапарымен келген Ұлттық сараптама орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Отарбайұлы Сүйіндіков таныстырды.

Кездесу барысында филиал мен оның бөлімшелерінің инфрақұрылымы, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, жұмыс үдерістерін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ филиал қызметінің өзге де өзекті бағыттары талқыланды.

Баймурзинов Берік Базарұлы «Гигиена, эпидемиология және санитария» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім алған, денсаулық сақтау магистрі. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, зертханалық диагностика және қоғамдық денсаулық сақтау салаларында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар. Бұған дейін Ұлттық сараптама орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарған, сондай-ақ басқа да бейінді ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Жұқпалы ауруларды диагностикалау саласындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдердің авторы.

Сурет галереясы

Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымына жаңа директор таныстырылды 1 Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымына жаңа директор таныстырылды 2 Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымына жаңа директор таныстырылды 3 Жетісу облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымына жаңа директор таныстырылды 4