Батыс Қазақстан облысында шұбатта зең мөлшері нормадан 10 есе артық екені анықталды.
12.03.2021

Алматылық "Дәулет-БЕКЕТ" ЖШС өндірушілерінің ашыған "Шұбат" сүт өнімдерінің үлгілерінде қалыптыдан 9,6 есе артық, яғни нормаланатын көрсеткіш 50 КОЕ/г аспайтын 480 КОЕ/г (1 граммға бірлік құрайтын колониялар) зең мөлшері анықталды.

Үлгілерді ҚР ДСМ СЭБК БҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халық тұтынатын тауарларды бақылаулық сатып алу аясында Орал қаласының супермаркетінен алды.

Айта кету керек, сусынның құрамындағы қалыптан асып кету аллергиялық реакцияларды, диареяны тудыруы, сирек жағдайларда микоздың дамуы мүмкін.

Анықтамалық:

Шұбат- түйе сүтінен жасалған ашыған сүт сусыны. Қымызбен салыстырғанда оның майлылығы жоғары (8% - ға дейін). Бұл тез бұзылатын өнім, ол дайындалғаннан кейін 5 күн ішінде жарамсыз болады. Шұбатта сиыр сүтіне қарағанда C, D дәрумендері 3 есе көп деп саналады. Бауырдың қабынуы, қант диабеті, демікпе, туберкулез, псориаз үшін пайдалы.